Елнұр Бейсенбаев Президент Әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев 1986 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Саясаттанушы, әлеуметтік ғылымдар магистрі. 

2006-2010 жылдар аралығында «Болашақ» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, «Жастар үні» журналы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.

2010-2012 жылдары — «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

2012-2015 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №48 мектеп-лицейде тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Алматы қалалық филиалының хатшысы.

2015-2017 жылдары — Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.

2019-2020 жылдары — Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі болды.

2020 жылдың 23 қаңтарынан 2021 жылдың қаңтарына дейін «Нұр Отан» партиясы қарамағындағы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы. 

2021 жылдың 15 қаңтарынан 2023 жылдың 11 қаңтарына дейін — «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VII сайланым депутаты.

2023 жылдың 4 қаңтарынан 17 шілдесіне дейін — «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы.

2023 жылдың 29 наурызынан бастап — «Аманат» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты. 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *