Қазақстанда 3 ақпанда өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесіне сәйкес, АҚШ долларының орташа бағамы 503,44 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнгі көрсеткіштен 1,73 теңгеге төмен. Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 ақпанға бекіткен ресми бағамы 505,17 теңге деңгейінде белгіленген.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы мынадай:
Алматы қаласында:
- сатып алу – 503,39 теңге;
- сату – 505,47 теңге.
Астана қаласында:
- сатып алу – орташа 501 теңге;
- сату – 508 теңге.