Серік Сәпиев пен оның орынбасары қызметінен босатылды

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, ведомство басшысы мен оның орынбасары атқарып отырған лауазымдарынан өз еріктерімен кеткен.

Еске салайық, 23 қаңтар күні бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Серік Сәпиевке қатысты даулы оқиға жөнінде ақпарат тараған болатын. Онда басқарма басшысын өз орынбасары соққыға жыққаны туралы хабарламалар жарияланды.

Кейінірек Қарағанды облысы Полиция департаменті бұл дерекке қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал шыққан.

Полиция 42 жастағы қала тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, аталған оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде тарап, Серік Сәпиевтің өзі де ресми мәлімдеме жасаған.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *